Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда күшейтілген карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Байқоңырда күшейтілген карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Кейінгі екі аптада Байқоңыр қаласында 14 адам коронавирус салдаырнан көз жұмған. Осыған байланысты қаладағы шектеу шаралары тағы екі аптаға ұзартылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқоңыр қаласының әкімшілігі «Байқоңыр» кешенінің бас санитар дәрігерінің ұсынысы негізінде Байқоңыр қаласы аумағындағы күшейтілген дайындық режимін 12 қыркүйекке дейін ұзартты. Бұл қала аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша қолданыстағы шектеу іс-шаралары сақталады деген сөз. Оған қоса сағат 21.00-ден 8.00-ге дейін кешен аумағына көліктің кіруіне және адамдардың №3 бақылау-тексеру пункті арқылы өтуіне шектеу енгізіледі. Жергілікті жедел штаб Байқоңыр қаласында эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отырғанын мәлім етті. Кейінгі екі аптадағы ресми деректерге сүйенсек, 13-27 тамыз аралығында 278 адам коронавирус жұқтырған. Яғни пандемия басталғаннан бері қалада вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1945-тен 2223 адамға дейін өскен. Сондай-ақ, 14 күн ішінде 11 өлім тіркелген. Пандемия басталғаннан бері шаһарда мұндай өлім көрсеткіші тіркелмеген болатын. Инфекциялық стационарда 48 адам ем алып жатыр. Байқоңыр қаласының жедел штабы инфекцияның алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауға, жаппай вакцинациялауды жалғастыруға шақырып, қала тұрғындарына қоғамдық орындарға барудан шұғыл түрде бас тартуға кеңес беруде.
30 тамыз 2021 ж. 214 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930