Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинацияның баяу жүргізілуі қыруар шығынға батыруы мүмкін

Вакцинацияның баяу жүргізілуі қыруар шығынға батыруы мүмкін

Табысы жоғары елдерде тамыз айына дейін вакцинаның кем дегенде бір дозасын халықтың шамамен 60%-ы алған. The Economist болжамынша, вакцинациялау қарқынының баяу болуы әлемдік экономиканы қыруар шығынға батыруы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz
The Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеуіне сүйенсек, 2022 жылдың ортасына қарай халқының 60 пайызын вакцинациялап үлгермеген елдер 2022-2025 жылдары аралығында жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бір бөлігін, яғни шамамен 2,3 трлн долларын жоғалтпақ. Бұл соманың үштен екісі дамушы елдерге тиесілі. Әсіресе Африканың бірқатар елі экономикалық қиыншылыққа тап болуы мүмкін. Мамандар Азия елдері басқаларға қарағанда көбірек, яғни 1,7 триллион долларынан айырылады деп отыр. Зерттеуді жүргізгендер әлемдегі вакцинация науқаны біркелкі емес деген баға берді. Табысы жоғары елдерде тамыз айына дейін вакцинаның кем дегенде бір дозасын халықтың шамамен 60%-ы алған. Кедей елдерде тұрғындардың небәрі 1%-ы препарат ектірген.  Жаңа штамның таралуы және вакцинацияның баяу жүргізілуі Азия экономикасына кері әсерін тигізіп үлгерді. Қыркүйек айының соңында аймақтағы компаниялардың пайдасы соңғы алты тоқсанда алғаш рет қысқаруы мүмкін. Шілде айында аймақтың оңтүстік-шығысындағы зауыттардың өнімділігі 2020 жылдың маусымындағы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай тез азайды.

26 тамыз 2021 ж. 319 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 121

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031