Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19-дың барлық белгілі штамынан қорғайтын антидене анықталды

COVID-19-дың барлық белгілі штамынан қорғайтын антидене анықталды

Сент-Луистегі (АҚШ) Вашингтон университеті жанындағы медицина мектебінің ғалымдары коронавирустың барлық белгілі мутациясын бейтараптандыратын антиденені тапты. Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Авторлар 43 үлгіні зерттеп, Петри ыдысындағы SARS-CoV-2 бастапқы нұсқамен инфекцияның алдын алу жолдарын талдады. Кейін кеміргіштерде ең күшті тоғыз бейтараптандыратын бөлшектер сыналған. Сөйтіп, ең тиімділері таңдалды.

Зерттеу нәтижесі бойынша, SARS2-38 антиденесі коронавирустың "альфа", "бета", "гамма", "дельта", "каппа", "йота", сондай-ақ сирек кездесетін мутацияларға да қарсы тұра алады.

Ғалымдардың айтуынша, SARS2-38 вирустың өзгермейтін ақуыз бөлігіне қосылады. Анықталған антидененің бірегей қасиеттерінің бірі - төмен концентрацияда жоғары бейтараптандыру қабілеті, сонымен қатар инфекцияның барлық нұсқасына әсері.

Сонымен қатар, ғалымдар SARS-CoV-2 мутацияларын анықтады, бұл SARS2-38 антиденесінің вируспен күресуіне жол бермейді. Алайда, бұл мутациялар тек 0,04 пайыз жағдайда кездеседі.
25 тамыз 2021 ж. 317 0

Дертке дауа дарытқан

17 ақпан 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728