Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санағына дайындалу қарқыны қандай болып жатыр?

Халық санағына дайындалу қарқыны қандай болып жатыр?

Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық халық санағына дайындық барысы қаралды. Бұл туралы Orda.kzprimeminister.kz сілтеме жасап хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазан аралығында халық санағын өткізу жоспарлануда. Санақ процесін автоматтандыру үшін қағаз тасымалдаушылардан толық бас тарта отырып, цифрлық технологиялар қолданылатын болады.
Санақ екі тәсілмен жүргізіледі: sanaq.gov.kz арнайы сайтындағы интернет-сауалнама арқылы 45 күн ішінде интернет-сауалнама жүргізу және электронды планшеттерді қолдана отырып, интервьюерлерге әдеттегі жаппай сауалнама жүргізу. Aitu Messenger мобильді қосымшасы арқылы санақтан өту мүмкіндігі берілетін болады.
Адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде, пошта бөлімшелерінде, мектептер мен сауда орталықтарында шылған нұсқаулық учаскелерде санақтан өте алады. Санақ жүргізу кезінде 32 мың адам жұмысқа орналастырылады.
– Бұл іс-шараның әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Санақ нәтижесі бойынша мейлінше дәл деректер болып табылатын әрі елдегі ахуалды талдауға, болжам жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға негіз болатын көптеген көрсеткіштер алынады. Сондықтан еліміздің әр азаматының санаққа қатысуының маңызы өте зор, — деді Мамин.
24 тамыз 2021 ж. 511 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031