Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп бес күндік жүйеге өтпек

Мектеп бес күндік жүйеге өтпек

Еліміздің мектептерінде мұғалімдер аптаның бес күнінде ғана жұмысқа келетіндей бірыңғай жұмыс аптасы бекітілуі ықтимал деп хабарлайды "ҚазАқпарат" тілшісі.
«Бес күндік жұмыс аптасы туралы сұрақтар жиі қойылады. Тіпті мектептердің бір бөлігі аптасына бес күн оқу жүйесіне көшіп те алған. Бірақ, ол бағытта әлі де мәселелер баршылық. Яғни, балалар бес күн оқығанымен, мұғалімдер бәрібір сенбі күні мектепке келуге міндеттеледі. Әрине, мұндай үрдіс барлық өңірлерде бар деп айта алмаймыз. Алайда біздің бәріміз де бұл әдіспен алға жылжуымыз керек», - деді Асхат Аймағамбетов елордада өткен Тамыз конференциясында. Білім және ғылым министрінің айтуына қарағанда, бес күндік жұмыс аптасы бірыңғай тәртіпте белгіленсе мұғалімдер аптаның бұл күнін өз еркінше пайдалана алар еді. «Егер мектеп бес күндік жүйеге өтіп кетсе, мұғалімдердің сенбі күнін өз еркіне қарай пайдалануына болады. Мұғалімдер бұл уақытта балаларымен бола алады», - деді министр.
ca-irnews.com/kz
16 тамыз 2019 ж. 1 223 0

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 3

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930