Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер жаңаша төленеді

Қазақстандықтарға енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер жаңаша төленеді

Қазақстандықтар енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді жаңа түрде алады. Ол үшін әлеуметтік әмиян жасалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Әлеуметтік әмиян осы жылдың аяғында енгізіледі. Әлеуметтік әмиян.
Сауда және интеграция министрлігі баяндаған жаңа жобаның пилоттық нұсқасы желтоқсанда іске қосылады. Ал келер жылдан бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде кезең-кезеңімен аудару жоспарлануда. Сондай-ақ министрлік жоба аясында Ұлттық банктің электронды ақшасы арнайы әмияндарға жіберілетінін хабарлады. Бұл әмиянның өзі қазақстандықтың ЖСН базасында құрылады. Ол шоттағы қаражат банктер, коллекторлар, салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалады. Электронды ақшаны алушыға әлеуметтік кабинет әзірленеді. Оған қашықтықтан тіркелуге мүмкіндік беріледі. Бірақ азаматтарда таңдау мүмкіндігі сақталатынын ескеру керек. Мемлекеттік көмекті әмиянға электрондық ақшамен ала ма, әлде банк картасымен алама өз еркі.

Еңбек нарығына үш мыңдай кәсіби маман қажет Жұмыс іздеп жүргендер үшін жақсы жаңалық. Қазақстанның еңбек нарығына биыл 2700 кәсіби маман қажет болады. Қызмет көрсету мен құрылыс, көлік саласындағылар сұраныстағы мамандық иелері. Еліміздің еңбек нарығын бір сүзіп шыққан Ранкинг.кз порталы осындай дерек келтірді. Болжам бойынша, экономикалық тұрғыдан өндірісте 3400 қызметкер керек болады. Бұл бағытта мамандарға сұраныс былтырға қарағанда 36% - ке артады. Екінші кезекте көтерме және бөлшек сауда да 2100 адам, үшінші әкімшілік және көмекші қызметтерде 1400 адамға сұраныс болады. Аймақтар ара жігінде ірі қалаларда жұмыс күші қажет. Бұл Алматы, Нұр-Cұлтан қалалары мен Атырау облысы. Биыл жұмыскерлерге сұраныс болатын салалар Өндіріс – 3400 адам Сауда және көлік жөндеу – 2100 адам Әкімшілік және көмекші қызметтер – 1400 адам.
04 тамыз 2021 ж. 310 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031