Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық Vero Cell вакцинасы Алматыға жеткізілді

Қытайлық Vero Cell вакцинасы Алматыға жеткізілді

Қытайлық Vero Cell вакцинасы Алматы емханаларына жеткізілді, деп хабарлайды stan.kz

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлады.
14 тамызда Sinopharm  компаниясының Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілген. Осы аптада қосымша 35 мың доза жеткізіледі деп күтілуде.
"Vero Cell вакцинасы қалалық емханаларға жеткізілді. Қосымша ақпаратты телемедицина орталығынан мына телефондар бойынша алуға болады: 3000 505, 1312. Осы аптада Алматыдағы барлық емханалар Vero Cell вакцинасымен қамтамасыз етіледі", - деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Sinopharm компаниясынан миллион доза көлемінде қытайлық Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілгені хабарланды. Жалпы Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алды.
Қытайдың Vero Cell вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жылдың 7 мамырында мақұлдаған. Вакцина инактивті, екі доза. Жарамдылық мерзімі 24 ай.
Бұл ДДСҰ қауіпсіз және тиімді деп жіктеген және 45 елдегі ересектерге вакцинациялауға рұқсат берген бірінші қытайлық дәрі. Бүгінгі таңда вакцинаны Қытайдан басқа БАӘ мен Сербияда өндіруге рұқсат етілген. Сонымен бірге Қытай мен БАӘ қытайлық Sinopharm фармацевтикалық компаниясының үш жастан 17 жасқа дейінгі балаларға инактивацияланған вакцинаны шұғыл түрде қолдануға рұқсат берді

16 тамыз 2021 ж. 399 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 30

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 32

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 16

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 16

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930