Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр дарыны – сүлейлер сарыны

Сыр дарыны – сүлейлер сарыны

Облыстық ішкі саясат басқармасы,  «Жастар ресурстық орталығы» және «Ақ сөйле!» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шығармашыл жастар арасында облыстық «Сыр дарыны» жастар шығармашылығы байқауы өтуде.
Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғына орай және ­Қаза­қ­стан Республикасының Тұң­ғыш президенті  – Елбасы Н.Назарбаевтың «Бо­ла­­­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ла­сындағы бастамалар мен «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласындағы басымдықтарды  насихат­тау арқылы көрініс тап­қан шығармашылық бай­қау талантты жастарды анық­тау мақсатында ұйым­дас­тырылып отыр. Соны­мен қатар, дәстүрлі өнер саласындағы жаңа есім­дерді анықтап, бастама­ларына қолдау көрсету, жас дарындардың  қабі­летін шың­дап, насихаттау, Сыр сүлейлерінің шығар­машы­лығын дәріптеу арқылы өнер мектептерінің мәртебесін арттыруға мән берілді.
Осы жылдың маусым-шілде айлары аралығында барлық аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында байқаудың іріктеу кезеңдері өткізілді. «Жазба ақындық өнер», «Айтыс», «Дәстүрлі ән», «Жыр-терме» бағыттарын қамтып, әр айналымнан үздік деп танылғандар облыстық «Сыр дарыны» байқауына жолдама алған болатын.
12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында байқаудың облыстық қоры­тынды кезеңдері өткізілуде. Шараның алғашқы күнінде жас өнерпаздарға шеберлік сағаттары өткізілді. А.Тоқ­мағамбетов атындағы мә­дениет үйі мен жастар ор­талығы ғимараттарында өткі­зілген шеберлік сағат­тарына жыр-терме және дәстүрлі ән бағыттары бо­йынша Алмас Алматов, Күнсұлу Түрікпен, Шолпан Бейімбетова, Ақмарал Ноғайбаева, сонымен қатар, айтыс және жазба ақындық өнер бағыттары бойынша Дүйсенбек Аяшұлы, Мұхтар Ниязов, Биболат Сәтжан қатысып, жастарға дәстүрлі жыр мамандығы, ондағы танымдық ерекшеліктер, кә­сіби жыршылық өнер, жыр айту машықтары және техникасы, дәстүрлі ән мектептері, ондағы негізгі ерекшеліктер мен Сыр өңірі әншілік мектебі және айтыс, жазба ақындық өнер тақырыптарында әңгіме қозғалды. Кездесу жастармен кең ауқымды пікір алмасумен қорытындыланды.
Алда байқаудың облыс­тық кезеңдері өткізіліп, рес­пуб­ликалық жас ақындар айтысымен жалғасын табады.
#ТӘУЕЛСІЗДІККЕ30ЖЫЛ  #ТӘУЕЛСІЗҚАЗАҚСТАН 
12 тамыз 2021 ж. 776 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031