Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскердегі азаматтардың арызын қабылдайтын сайт іске қосылды

Әскердегі азаматтардың арызын қабылдайтын сайт іске қосылды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы азаматтардан армиядағы құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктер туралы ақпарат қабылдау үшін мобильдік қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірледі, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 
Әскери полиция бас басқармасының дерегіне сүйенсек, «Әскери сенім» жобасы армиядағы құқықтың тәртіпті қамтамасыз ету, хабарламаларды қабылдау, есепке алу және бақылау процесін автоматтандыру, құқық бұзушылықты жасау фактілеріне ден қою сапасы мен жеделдігін арттыру және олардан сақтандыру, алдын алу туралы жаңа ақпарат көздерін енгізу мақсатында іске асырыла бастаған
«Пайдаланушылар әскери полиция органдарына электрондық форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізілуіне, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады. Сайттың мобильдік қосымшасы да барлық Android және IOS құрылғыларына орнатылып, бірге жұмыс істейді. Арнайы қосымшаны askeri-senim.kz сайтынан жүктеп алуға болады», делінген ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада. 
Қосымша мен сайтты пайдаланушылар жеке кабинет арқылы бекітілген жауапты лауазымды тұлғамен жасырын хат алмасып, өтініштің қаралу статусы мен жауаптарды бақылай алады. Өтініш статусының өзгергені, жауапты лауазымды адамның тағайындалғаны және оның жауаптары туралы өзекті деректер электрондық поштаға келіп түседі. 


12 тамыз 2021 ж. 527 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031