Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала Махамбеттің түсі

Бала Махамбеттің түсі

Күні бойы тыным таппай жүрген Махамбет кешкілік асын ішіп, сабағын дайындап ұйқыға кірісті. Басы жастыққа тиер-тиместен қор ете түсті. Үнемі дөңбекшіп бірден ұйқыға кете қоймайтын оның бүгін еш қиындықсыз кірпігі айқасты. Сөйтіп жатып түс көрді. Түс дейін десе түсі емес, өңі дейін десе өңіне ұқсамайды. Махамбет дел-сал болып алыстан өзінің дауысын естіді: Иә, иә өз үні – Қайран бабам, Махамбет батырым-ай, сенің де басың қайда қалмаған?
Жүрегі су ете түсті. Мен не сандырақтап кеттім? Тоқтаусыз толғауларды жатқа соғып жатыр. Дем алмастан сөйлеп жатқандай жүрегі құрғыр атқақтап, кеудесін жарып шығардай атойлайды.
Жорық жырлары толастаған сәтте сұмдық көріністің куәсі болды. Қараса, денесіз бас сөйлеп келеді. Адымын аштырмай қыр ізінен қалар емес. Жан не деген тәтті десеңші! Өмір бірер секундқа тоқтап қалғандай болып, дүние шыр көбелек айналды да кетті. Есін жиып, көзін әзер ашқаны сол еді, денесіз бас төбесінен төніп тұр. «Қара қазан сары баланың қамы үшін, Еділ үшін егестік, Жайық үшін жан бердік! Есемізді бермедік! Намысымызды ту еттік! Қайран қайда сол ерлік?!» Махамбет өзінің ұлы Махамбет бабасымен бетпе-бет кездесуі деп түсінді. Ала құйын жел, адам көрінбес дауылдың арасынан ұлы бабасының денесіз басын көріп, жаны түршікті.
Бас денесіз болса да өте сұсты еді. Небір кинолардан көрген қорқынышты құбыжықтардан дәл осылай сескеніп, мұндай күй кешпеп еді. Денесіз қалған баба басының сөзіне құлақ қойды. «Елі үшін еңіреген есіл ерлер көп еді. Боздақтардың басы қайда қалмаған? Ұлан-ғайыр жерімізді қастерлеп, көздің қарашығындай сақтау ұрпақтарым, ұланым бұл сендерге аманат. Кенесары бабамның кесенесі болғанмен, кенезесі қаңсыған қу басы қайда қалмаған? Ұрпақтарым, бұл да саған аманат. Аманат! Аманат!» Бала Махамбеттің құлағы күңгірлеп, маңайының астаң-кестеңі шығып, әлем төңкеріліп кеткендей болды. Құлағы шулады.
Оянып кетті. Қоңырау сағат безек қағып, жарылардай үстел үстінде секіріп тұр. Басы мең-зең боп миына ине сұққандай күй кешіп отырды да, үйден асығыс таңғы асын ішпестен мектебіне тартты. Таңғы ауаның тазалығы мен салқындығы баланың бойын сергітіп тастады. Көше бойлай жүріп келе жатқан ол мектепке кіріп, сыныбына қалай жайғасқанын білмей де қалды. Себебі өзінің ішкі ойларымен арпалысып келе жатқан.
Сыныпқа енген Алтын апайының қоңыр үнін естіп, өз-өзіне келе бастады. Жамырасқан балалардың сұрақтарына әсем жымиыспен жауап беретін мұғаліміне Махамбет сүйсіне қарады. Бет жүзінде жылылық пен сыпайылық тұнған апайы сабағын бастап кетті. Махамбеттің ойы әлденеге алаңдаулы. Қорқынышты фильмдерді көріп жүргенде дәл осындай беймаза күй кешпепті.
Бүгін шығарма болатын. «Тәуелсіздіктің тамыры тереңде» деп тақырыбын жазып қойыпты. Тоқсанның қорытындысына бұл шығарманың әсері мол. «Иә, менің есімім Махамбет! Өз атам отаршылдық езгіге қарсы күрескен Махамбет бабамыздай елі үшін жанын беретін батыр болсын деп ырым еткен», – деп жаза бастады. Негізінде тәуір жазатын баланың бірі болмаса да бұл шығарманы аса құлшыныспен орындап жатқанына өзі сенбеді. Қарап отырса, тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келіп, бейбіт күн кешіп бақытты балалық шағымен мақтанатындай екен ғой. Тәуелсіздік қарлығашымын. Егемен елдің ертеңімін. Болашақ елін қорғайтын азаматпын. Жүрегі атқақтап, көңілі алып-ұшып өрлік сезіммен рухтанды. Исі қазақ жұртының арайлы тәуелсіздік таңына жетемін дегенше осынау ұлы даланың өр ұлдары небір темір құрсаулар мен мықты бұғауларды талқандауына тура келді. Өз ұлтының төзімділігі мен батырлығына тәнті болды. Тәуелсіздікке жету жолында құрбан болған әрбір қазақ алыбының арманының жалғасы болмаққа бекініп, өзіне іштей серт берді. Осы ойларынан өзі шаттанып, шығарманы бір деммен бітіріп шықты. Ішкі жан дүниесімен рухтанды.
Ш.НҰРЖАНОВА.
17 наурыз 2018 ж. 3 207 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930