Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім гранттарының нәтижесі 15 тамызға дейін жарияланады

Білім гранттарының нәтижесі 15 тамызға дейін жарияланады

Комиссия отырысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев төрағалық етті, деп жазады Egemen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Грантқа үміткерлердің өтінімін комиссия мүшелері қарайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, «Қазақстан студенттері Альянсы», Отандастар қорының өкілдері кірді. Одан кейін талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалатын болады.
Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5 мыңға артып отыр. Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артты. Сондай-ақ грант бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квота көзделген.
Биыл білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім түсті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесін 15 тамызға дейін жариялау жоспарланып отыр.


09 тамыз 2021 ж. 450 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031