Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада демеушілер жұқпалы аурулар ауруханасына жаңа аппараттар тарту етті

Қызылордада демеушілер жұқпалы аурулар ауруханасына жаңа аппараттар тарту етті

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына демеушілер көмегімен 10 ағынды оттегі терапиясы аппараты табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының материалдық базасы жақсара түсті. «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қолдауымен емдеу орнына ағынды оттегі терапиясы аппараты табысталды. Жаңа 10 медициналық құрылғы Гонконг елінен жеткізілген. Оған компания қаржысы есебінен 24,5 млн теңге жұмсалған.

Жаңа аппараттар коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының сұранысына сәйкес жеткізілген. Қазіргі таңда «Ұлттық орталық кардиохирургия орталығы» АҚ мамандары аталған аппараттарды тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастарға қолдануды ұсынып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін аталған компания Қазалы ауданаралық ауруханасына оттегі станциясын орнатуға 58 миллион теңге бөлген болатын. Еске салсақ, Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 89 адамның жағдайы өте ауыр.
06 тамыз 2021 ж. 396 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031