Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина алғандардың COVID-19 жұқтыру ықтималдылығы 3 есе аз

Вакцина алғандардың COVID-19 жұқтыру ықтималдылығы 3 есе аз

Олар вирусты басқаларға азырақ таратады. COVID-19 дертіне қарсы вакцинаның екі компонентін ектірген адамдардың вакцинацияланбағандарға қарағанда коронавирус дертіне шалдығу қаупі үш есе аз,деп хабарлайды Inbusiness.kz Лондондағы Императорлық колледж бен маркетингтік зерттеулермен айналысатын Ipsos MORI компаниясының зерттеушілерінінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
REACT-1 деп аталатын бұл зерттеу нәтижелері 24 маусым мен 12 шілде аралығында Англиядағы 98 233 адамнан алынған сынамаларға негізделген. «Зерттеудің бүгінгі нәтижелері COVID-19 вакцинациясының маңыздылығын айқындай түскендей болды. Өйткені вакцинацияланбаған адамдардың вирусты жұқтыру ықтималдылығы үш есе көп», – деді Ipsos Mori өкілі Келли Бивер. Сонымен қатар зерттеушілер вакцина ектірген адамдардың вирусты басқаларға тарату қаупі аз дегенді айтты. Олардың сөзінше, препарат қабылдағандардың ағзасында вирус аз болғандықтан, олар вирусты азырақ таратады.


04 тамыз 2021 ж. 539 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031