Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық студенттер вакцина алып жеңілдіктерге ие болды

Қызылордалық студенттер вакцина алып жеңілдіктерге ие болды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру, денсаулықты нығайту мақсатында вакцина қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Вакцина алып, ұтысқа қол жеткіз!» атты науқанын ұйымдастыруда. Аталған науқанға вакцина алған білім ордасының қызметкерлері мен студенттері белсене қатысып, керемет мүмкіндіктерге ие болды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласына 30 студентке жолдама;

қызметкерлер мен студенттер үшін «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің бассейніне 30 тегін абонемент;

студенттер үшін жазғы тынығу лагеріне 30 жолдама;

қызметкерлер мен студенттер үшін фитнес залға 30 тегін абонемент;

30 студентке бір оқу жылына жатақханаға тұруға 50% жеңілдік берілді.

Шарада есімдері жазылған қатысушылар лото жәшігінің көмегімен кездейсоқ тәсілмен анықталды. Науқан университеттің Instagram парақшасындағы тікелей эфир арқылы өткізілді.

«Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде қызметкерлер мен профессор-оқытушылардың 87%, білім алушылардың 51 % вакцина алған. Жаңа оқу жылын оффлайн форматта бастау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру маңызды. Бүкіл әлемдік пандемияны тоқтату үшін әрбір адам екпе алып, санитарлық талаптарды қатаң сақтап, сақтық шараларына аса көңіл бөлуі қажет. Ұжымдық иммунитетті бірлесе қалыптастыруға шақырамын. Бүгінгі ұтыс ойынына қатысып, белсенділік танытқан баршаңызға алғыс білдіремін. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта осындай ынталандыру шаралары жалғасатын болады», дейді университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай.

Ұтыс жеңімпаздарына Тәрбие және жастар саясаты бөлімі өкілдері байланысатын болады.
01 тамыз 2021 ж. 483 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031