Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина алған студенттер мен оқытушыларға бірнеше жеңілдік жасалады

Вакцина алған студенттер мен оқытушыларға бірнеше жеңілдік жасалады

Қазақстанның жоғары оқу орындары коронавирусқа қарсы вакцина алған студенттер үшін оқу ақысын төлеуге жеңілдік қарастырады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар оқу орындары оқытушыларға да материалдық ынталандыру жасайды.

«COVID–19 індетіне қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханада тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады. Осылайша жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакциналау қарқынын күшейту жұмысын қолдайды. Студенттер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық ынталандыруға ие болады», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакциналау шараларын қолдауға арналған акцияларды бастап кетті.

Студенттерге оқуға және жатақханада тұруға жеңілдік жасаудан бөлек, сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікпен жүру талондары беріледі.

«Сондай-ақ, жоғары оқу орындары вакциналанған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар екпе салдырған кейбір университеттердің студенттері фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады», – дейді министрлік мамандары.

Ал екпе салдырған оқытушылар қосымша ақы немесе ақы төленетін демалыс алады.

«Министрдің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушыларды вакциналауға шақырып, ынталандыру бойынша тиісті шараларды қабылдап жатыр. Бұл акция біздің азаматтардың санасын оятуға көмектеседі деп сенеміз. Біз бірлесе отырып, қауіпті вирусты жеңе аламыз және карантин мүмкіндігінше тез аяқталады деп үміттенеміз. Басқа жоғары оқу орындарын да вакцинаны қолдау үшін ынталандыру шараларын ұйымдастыруға шақырамыз», – дейді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.
29 маусым 2021 ж. 505 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930