Өзбекстанда вакцина салатын қосымша пунктері ашылды
Өзбекстанның Ташкент қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, супермаркеттер мен басқа да қоғамдық орындарында вакцина салудың қосымша пунктері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің өсіміне байланысты Ташкент қаласында 18 жастан асқан тұрғындардың ерік білдірген барлық топтарын мемлекет қаражаты есебінен вакциналау басталуда», деді Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінен.
Ведомствоның мәліметінше, тұрғындарды вакциналау үшін қаланың сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі базарлар, мектептер, махальдарі мен өзге нысандарында коронавирусқа қарсы вакцина салудың қосымша 44 пункті ашылған.
Екпе тегін салынады. Вакцина салынған соң, азаматтардың қолына препараттың атауы, сондай-ақ келесі екпені алатын күн белгіленген жадынама беріледі.