Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам саудасы: құлдыққа көбінесе кімдер түседі?

Адам саудасы: құлдыққа көбінесе кімдер түседі?

Жәбірленушілердің басым бөлігі – ер адамдар. Бұл туралы Дағдарыс орталықтары одағы мәлімдеді, – деп хабарлайды AstanaTV.
Күдікті шақыртулар көп жағдайда Қытай, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен түседі екен. Сарапшылардың айтуынша, әлемде екі жарым миллионға жуық адам – қазіргі заманғы құл алып-сатушылардың қолында. Жыл сайын мыңдаған ер-азамат, әйел мен балалар өз елі мен шетелдегі адам саудалаушылардың қолына түседі. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында, 30 шілде – бүкіләлемде адам саудасына қарсы күн болып бекітілді. Қазақстанда 116 16 сенім телефоны жұмыс істейді.

«Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының директоры Шахноза Хасанова: «Қазір республикалық жобаны іске асыру мақсатында біздегі 11 қалада Үкіметтік емес ұйымдардың серіктестері жұмыс істейді. Олар адам саудасының құрбаны болғандарға көмектеседі. Статистикаға сүйенсек, 2019-2020 жылдар аралығында 258 адам – адам саудасының құрбаны болған. Оның 80 пайызы – ер-азаматтар. Демек, адам саудасының құрбаны болатындардың дені ер адамдар болып отыр», – деді.
30 шілде 2021 ж. 450 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930