Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq-та "қызыл" статус 14 күн сақталады - ДСМ

Ashyq-та "қызыл" статус 14 күн сақталады - ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова екінші рет тапсырған ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, неге 14 күн карантинде отыру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бірінші сынама оң, ал екіншісі теріс нәтиже көрсетсе де Ashyq-та "қызыл" статус сақталады және ПТР-сынама тапсырғаннан кейін 14 күннен соң ғана өзгереді. Неге? Екінші сынама теріс нәтиже көрсетіп тұр ғой?", - деп сұрады журналист ОКҚ онлайн-брифингінде.

"Шынында да, мұндай норма бар. Егер бір рет ПТР-сынама оң болса, онда келесі ПТР-сынамаға қарамастан, міндетті түрде 14 күн ішінде ол тұрғынның Ashyq-тағы статусы "қызыл" болады. Мұның себебі, біріншіден, материал жинауға, таңдалған материалдарды сақтау және зертханада зерттеудің аналитикалық сатысында болуына байланысты.(...) Оң ПТР-сынама болған жағдайда да міндетті түрде 14 күн бойы бұл адам "қызыл" статуста қалады", - деп жауап берді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, адамдардың шамамен 20 пайызы симптомсыз түрде ауырады және вирусты тасымалдай алады.
"Тағы да, қайталайын симптомсыз өтетін вирус формалары бар. Бірақ бұл адамдар басқаларға жұқтырады", - деді Есмағамбетова.
28 шілде 2021 ж. 677 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 298

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031