Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкіміне үміткерлердің кейбірінің дипломы жалған болып шықты

Ауыл әкіміне үміткерлердің кейбірінің дипломы жалған болып шықты

Арнайы тексеру барысында ауылдық округ әкімдеріне үміткерлер арасында жалған дипломы бар 17 адам және соттылығы бар 4 адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин мәлімдеді.
"Бір жағынан, арнайы тексеруді өткізу талабы заңмен бекітілген. Бұл барлық мемлекеттік қызметшілерге міндетті, сондықтан ауылдық округ әкімдері де одан тыс қалмайды. Бұл – бір жағынан. Екінші жағынан, мен бұл сұрақты мамандар жиі қоятынын білемін. Мен сізге жауап берейін. Мен арнайы сұрадым. Ауылдық деңгейдегі әкімдікке үміткерлерді арнайы тексеру нәтижелері бойынша жалған дипломы бар 17 адам және бұрын жауапқа тартылған 4 адам анықталды. Әрине, оларға сайлауға қатысуға тыйым салынды. Яғни гипотетикалық түрде, бұл процедура болмаған жағдайда, халық жалған дипломы бар немесе бұрын сотталған адамды әкімдікке тағайындауы мүмкін еді. Осындай әкімдердің ел басқарғанын қалайсыз ба? Мен де қаламас едім", – деді Мырзалин.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасарының пікірінше, ауыл әкімдерін тікелей сайлау басқару сапасына әсер етуі керек. Өйткені әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тікелей сайлауда басшы сайлаушылар алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Бұл оның жұмысының нәтижесіне оң әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар заңнамада тұрғындардың не жергілікті қоғамдастық жиналысы арқылы, не аудандық мәслихат арқылы әкімнің өкілеттігін тоқтату туралы бастама көтеруге құқығы бар екендігі көрсетілген. Демек, әкім тек сайланып қана қоймай, оны сайлаған адамдардың бақылауында болады. Есеп беру мен ашықтық басқару сапасын жоғарылатады, сондықтан әкім өз жұмысының нәтижесіне көп көңіл бөлетін болады.

Мырзалин мемлекет басшысының билікті одан әрі орталықсыздандыру және одан әрі демократияландыру, оларға қатысты мәселелерді шешуде азаматтардың рөлін арттыру міндеттерін қойғанын еске түсірді.
27 шілде 2021 ж. 151 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031