Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

Қазақстанда республикалық рухани-ағартушылық бағыттағы MUNARA TV телеарнасы ашылды, деп хабарлайды stan.kz

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде 49-шы болып тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылды, деп хабарлады ҚМДБ-ның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі.
"Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді", - делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ телеарна онлайн дәріс ұйымдастыруды, өзекті мәселелер төңірегінде тікелей эфирде жауап беруді жоспарлап отыр.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының MUNARA республикалық рухани-танымдық газеті бар. Келешекте MUNARA FM радиосын ашу жоспарланған.
Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған.
2020 жылдың қарашасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Асыл арнаның" жабылып, "Халық арна" телеарнасының ашылғанын мәлімдеді.
28 шілде 2021 ж. 609 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 125

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 80

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 39

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031