Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан топ 10 елге кірді

Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан топ 10 елге кірді

Әлемдегі коронавирустық жағдайды зерттейтін американдық мамандар Қазақстанды соңғы тәулікте ең көп ауру тіркелген 10 елдің қатарына қосты. Бұл туралы Orda.kz Informationisbeautiful.net сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Жаңартылған мәліметтер (ақпарат көзі – АҚШ-тағы Джон Хопкинс университеті) әр 100 мың тұрғынға статистикаға сүйене отырып, әлемде қанша адам коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарлайды.

Осылайша, Қазақстан жетінші орында. Франция, Гватемала, Ұлыбритания, Малайзия және басқа мемлекеттердегі жағдай біздің елге қарағанда нашар. Бірінші орында Куба тұр. Мексика алғашқы ондықты жапты.

Пандемияға қатысты Қазақстанның жағдайы Аргентина, Иран, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Парагвай, Түркия, Беларуссиямен салыстырғанда сәл жақсы.

Сонымен қатар, Қазақстан бір апта ішінде коронавирус өлімі бойынша 17-орында тұр. Жағдай Ресей, Куба, Аргентина, Эквадор, Иран, Индонезия, Чили, Малайзия елдерімен салыстырғанда Қазақстаннан аз адамдар Беларуссияда, Руандада, Ауғанстанда, Таиландта, Қырғызстанда, Перуда, Непалда, АҚШ-та қайтыс болған.

Еске салсақ, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 6637 жаңа жағдайы анықталды. Бұл ауру мен пневмониядан 90 адам қайтыс болды.

Еліміздің барлық дерлік өңірі «қызыл» аймақта. Түркістан ғана «сары» аймақта.
26 шілде 2021 ж. 586 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930