Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Суға шомылу маусымы басталғалы 669 рейд өткізілді

Суға шомылу маусымы басталғалы 669 рейд өткізілді

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан 10-шы шілдеге дейінгі ақпарат бойынша, облыс аумағындағы су айдындарында 33 жағдай тіркеліп, 38 адам қаза болды. Оның ішінде 10-ы бала. Соңғы дерек 10 шілде күні Арал ауданында суға кеткен азаматты шығарды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

Төтенше жағдай қызметкерлері жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде күшейтілген түрде жауапты сала мамандарын тарта отырып, рейдтік және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда. Басты мақсат – облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы мен қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы уақытқа дейін 669 рейд өткізді. 6623 адамға оның ішінде 821 балаға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. Күнделікті дауыстық зорайтқыштар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде соңғы 13 күнде аймақта суға кету фактісі тіркелмеді.
23 шілде 2021 ж. 190 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды