Қызылордада жыл басынан бері 23 адам суға кетті
Аймақта жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 20 оқиға тіркеліп, 23 адам қайтыс болды. Оның 15-і бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.
«Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы өзекті мәселе болып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда балалардың суға кетуі 53 пайызға көбейді.
Сондай-ақ, балық аулайтын орындарда 467 рейд ұйымдастырылды. 4933 адамға судағы қауіпсіздікті түсіндіріп, үнпарақтар таратылды», – деді Саид Шазындаұлы.
Брифингте төтеншеліктер қалада 2 жағажайға суға түсуге болатынын айтты. Олар шаһар орталығындағы «Сыр-Самалы» және Белкөл кентіндегі «Абай» жағажайы.«Суға шомылуға болмайтын аймақтарға 188 ескерту тақтайшасы орнатылды.
Қазіргі таңда қала аумағындағы «Эдельвейс» саяжайы тұсында коммуналдық саяжайдың құрылысы жүруде. Қала тұрғындары мен ата-аналарға мүмкіндігінше осындай жабдықталған жағажайларда суға шомылуға кеңес береміз», – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Алиев.