Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болат Өтемұратов қоры Аралға 200 млн теңгеден астам қаржы бөлмек

Болат Өтемұратов қоры Аралға 200 млн теңгеден астам қаржы бөлмек

Kyzylorda-news.kz. Болат Өтемұратов қоры Қызылорда облысының Арал ауданындағы қуаңшылықтан зардап шеккендерге 200 млн теңгеден астам қаржы бағыттайды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Қаражат «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына беріледі, кейін олар зардап шеккен халықтың бірінші кезектегі мұқтаждықтарына бөлінеді.

Өңірде ұзаққа созылған қуаңшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам мал басының өлімі тіркелген. Болат Өтемұратов қорынан көмек ретінде Арал ауданының 800 аз қамтылған отбасы 900 тонна құрама жем алады. Бұл жем-шөп 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы мамырға дейінгі кезеңге жетеді. Мал басын сақтау және жайылымдарды суландыру үшін өңірде жаңа су ұңғымалары қажет, сондай-ақ каналдарды тазалау және су қондырғыларын жөндеу талап етіледі.

Сырдария өзенінде Аманөткел елді мекені ауданында «Аспай» су құбыры қалпына келтіріледі, бұл су деңгейін көтеруге және Қамысты-Ақшатау көл жүйелерін толтыруға мүмкіндік береді, ұңғымалар бұрғыланады, оның ішінде қазіргі уақытта ауыз суы жоқ шалғай Беларан ауылдық округінде – тұрғындар 35 шақырым қашықтықта орналасқан құдықты пайдаланады.

Бұдан басқа, ауылдық округтердегі селолық тұтыну кооперативтерінің тракторлар, шөп шабатын орындар, соқалар, жем-шөп базасын дайындау үшін пресс-жинақтағыштар сатып алады. Алыс жайылымдарда мал суаруды қамтамасыз ету үшін су тасығыштар, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыру үшін дизель сорғылары сатып алынады. Қаражаттың жұмсалуын және жем-шөптің бөлінуін бақылауды жұртшылық өкілдерінен құралған арнайы комиссия жүзеге асыратын болады.
17 шілде 2021 ж. 401 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031