Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жыл басынан бері 31 мыңнан аса бала COVID-19 жұқтырды

Қазақстанда жыл басынан бері 31 мыңнан аса бала COVID-19 жұқтырды

Биыл жаздың басында бір бала коронавирус инфекциясының салдарынан көз жұмғанҚазақстанда балалардың коронавируспен ауыруы жиіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан педиатрлары қауымдастығының басшысы, Астана медицина университеті балалар ауруы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер-педиатр Сағира Әбдірахманова мәлімдеді.

"Қазір жағдай өте күрделі. Әлемде балалар арасында аурушаңдық өте жоғары, біз де артта қалған жоқпыз. Пандемия басталғалы 38 мыңға жуық бала тіркелді. Жыл басынан бері 31 572 балада коронавирус анықталған. Балалардың дені соңғы айда ауыра бастады",- деді ол.
Балалардың 50%-інде ауру белгілері жоқ. Дәрігердің пікірінше, індеттің күрт өршуінің негізгі себебі – балалардың бетпердесіз жүруі, адамдармен жақын байланыста болуы. Бұған қоса, жаңа штаммдар иммундық жүйені "алдайтын" қабілетке ие, соның кесірінен иммунитет клеткалары инфекцияны дер кезінде анықтап, күресе алмайды."Наурыз айында бізде SARS-CoV-2 бета-штамы тіркелді, оңтүстікафрикалық штамм да болды. Қазір "делта" штамм басым", - деді ол.Әбдірахманова салмағы төмен, қант диабеті мен семіздікке шалдыққан бүлдіршіндер коронавирустың ауыр түрімен ауыратынын атап өтті.

Оның ақпаратынша, пандемия басталғалы мультиқабыну синдромының асқынуынан үш бала қайтыс болған.
"Осы жаздың басында Алматыда бір бала көз жұмды. Алдымен ол коронавирустың ауыр түрімен ауырды, кейін ішегіне зақым келді. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады", - деді ол.
Педиатрдің айтуынша, балалар коронавируспен ауырғанда жоғарғы тыныс жолдары мен асқазан-ішек жолына зақым келеді.




16 шілде 2021 ж. 461 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 128

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031