Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазпошта сәлемдемені үйге дейін жеткізетін GoPost Home қызметін іске қосты

Қазпошта сәлемдемені үйге дейін жеткізетін GoPost Home қызметін іске қосты

Бір мекенжайға 5 сәлемдемеге тапсырыс беруге мүмкіндік бар. "Қазпошта" АҚ тұрғындарға барынша ыңғайлы қызмет көрсету үшін GoPost Home жобасын қолға алып отыр.

Оның аясында клиенттер сәлемдемелер супермаркетіне бармай-ақ, сәлемдемелер мен ұсақ пакеттердің үйге дейін жеткізілуіне тапсырыс береді. Бүгінде GoPost Home қызметі пилоттық түрде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асырылуда. Оның ішінде бұл қызмет – елордада Орталық операциялық учаскеде және №20 қалалық пошта байланысы бөлімшесінде, ал Алматыда Орталық операциялық учаскеде қолжетімді.
Бір мекенжайға 5 сәлемдемеге тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда біріншісін жеткізу құны 1 000 теңгені құраса, қалған сәлемдемелердің әрқайсысы үшін тек 200 теңге төлеу қажет. Қазіргі таңда бұл қызмет Telegram-бот @KazPostBot арқылы қолжетімді. Клиенттің сәлемдемесі супермаркетке келген кезде оған аталған мессенджер арқылы хабарлама жолданады. Егер оның тарапынан сағат 16:00-ге дейін үйге дейін жеткізу расталса, сәлемдеме сол күні қолға тапсырылады. Алдағы уақытта GoPost Home қызметі WhatsApp каналы және 1499 байланыс орталығы арқылы қолжетімді болады.
16 сәуір 2021 ж. 2 204 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 212

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930