118,8 мың азамат жұмысқа қағаз жүзінде қабылданған

Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметованың айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру үшін соңғы 4 жылда республикалық бюджеттен шамамен 600 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаражат босқа шашылған. Себебі бағдарламаның нысаналы индикаторлары бір-бірін айна қатесіз қайталаған. Азаматтарды жұмысқа қабылдау қағаз жүзінде атқарылған. 2019 жылы 118,8 мың азамат жұмысқа орналасқаны жалған мәлімет берілген. Бұл – тұрақты жұмысқа орналасқандардың жалпы санының 31%. «Жұмыс берушілер қызметкерлерін жұмыстан шығарып, оларды жұмыспен қамту орталықтары арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына қайта жұмысқа қабылдаған. Адамдар бұрынғы жұмысын істей берген, бірақ мемлекет олардың табысының 35%-ын субсидиялаған. Осылайша жұмыс беруші өзінен жауапкершілік пен шығынды алып тастаған», –деді Әлия Әбсеметова.