ҰБТ-2021: 88 мыңнан аса түлек шекті балды жинады

Қазіргі таңда ҰБТ-ға жақсы өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы арқылы бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік болды. Мысалы, бітірушілер мен ата-аналардың эмоционалдық шиеленісті, стресті азайту мәселесі, сондай-ақ академиялық адалдық мәселесі, балаларға қолайлы жағдай жасауды қарастырдық. Сонымен бірге тестілеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және сұрақтардың мазмұнын өзгертуге де көп көңіл бөлінді, - деп айтты ол брифингте.ҰБТ-ға 145 288 талапкер қатысты. Оның ішінде 109 693-і (75,5%) қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3%-ы орыс тілінде, 350 (0,2%) ағылшын тілінде тест тапсырды.Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы – 69,08-ді құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 балға артық. Шекті балды 88 101 (60%-дан астамы) түлек жинады. 57 187 (39,4%) тестіленуші шекті балды ала алмады, - деп атап өтті Наужан Дидарбекова.Ол орташа балдың өсуі мектеп бітірушілердің тестті екі рет тапсыруымен байланысты деп есептейтінін айтты.1 923 оқушы 120 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 140 балды бір тестіленуші иеленді. Былтыр жоғары балл 139 болды.