Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 24 306 медицина қызметкеріне қосымша үстемақы төленді

Қызылордада 24 306 медицина қызметкеріне қосымша үстемақы төленді

Аймақта пандемия басталғалы бері 24 306 медицина қызметкеріне қосымша үстемақы төленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

«Індетпен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемақы өткен жылдың наурыз айынан бастап төленуде. Биыл да республикалық бюджеттен 2 275,61 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда оның 1 584,0 млн. теңгесі берілді. Сондай-ақ, облыстың 14 медициналық ұйымында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар үшін 585 төсек-орын ұйымдастырылды.

Оның ішінде 91-і реанимация бөліміне. Бұған қоса, тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханаларда 451 постковидты оңалту қызметі көрсетілді. Нәтижесінде қор орындалған жұмысқа 38,7 млн теңге төледі»,-деді Бақыт Торғайбайұлы.

Індетті жұқтырудың тәуекел топтары үшке бөлінеді. Біріншісі өте жоғары, екіншісі жоғары, үшіншісі орташа топ. Яғни бірінші тәуекел тобына жататын қызметкерлерге 1 982,8 млн. теңге көлемінде қосымша ақы берілген.
01 шілде 2021 ж. 508 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031