Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын шетелде ем алу үшін пайдалануға рұқсат берілмек

Зейнетақы жинағын шетелде ем алу үшін пайдалануға рұқсат берілмек

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағындағы «артылған» қаражатты шетелде емделуге жұмсау шарасын реттейтін бұйрық жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжат бойынша біржолғы зейтеақы төлемін алушы шетелде емделуге ниеттенсе, уәкілетті оператордан шетел валютасында арнайы шот ашуы қажет. Ал Бірыңғай жинақташуы зейнетақы қорынан қаржы теңгемен алынатындықтан, ұлттық валютада тағы бір арнайы шот ашылады. Бұдан кейін дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде шетелдік ұйым көрсеткен медициналық қызметтің орындалғанын растайтын құжатты уәкілетті операторға ұсынады. Шетел валютасында арнайы шот осы кезде қажет. 10 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, біржолғы төлемді аудару немесе аудармау туралы шешім шығарылады. Зейнетақы жинағын пайдаланушы дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, ем алатын шетелдік ұйымды таңдайды. Ұйыммен онымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасып, төлем шотының сканерленген нұсқасын, төлем шотын және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссия қорытындысын алады. Министрлік талқылауға шығарған бұйрық жобасындағы негізгі жаңалық бұған дейін алынған емдік аралардың ақысын біржолғы зейнетақы төлемі арқылы өтеуге рұқсат беру. Ол үшін жинақ иес өзі тіркелген жердегі медициналық ұйымға жүгініп, алған емдік шаралары туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысын беруді өтінеді. Егер ем Қазақстан аумағында алынған болса, науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме талап етіледі. Ал ем шетелде алынса: ауру тарихынан жазып беру эпикризінің көшірмесі немесе медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт немесе сатушы мен алушы арасында жасалған дәрілік заттарды сатып алуға арналған шарт деректемелерін, шот шет тілінде жасалған жағдайларда нотариат куәландырған аудармасын қоса беру керек. Бұл ретте алынған медициналық қызметтер мен сатып алынған дәрілік заттар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Тағы бір жаңашылдық – балаларды ата-анасының біржолғы зенетақы төлемінің есебінен емдеуге мүмкіндік беру.
01 шілде 2021 ж. 256 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031