Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болады

WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болады

WhatsApp мессенджерінде басқа пайдаланушылар жіберген фотосурет, бейнежазба және аудиофайлды жасыруға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болады, - деп хабарлайды Вести.Hi-tech.
Қосымшаның келесі нұсқасында құрылғы келген фотосуреттерді автоматты түрде жадына сақтау функциясын өшіруге болады.
Жаңа енгізілген қосымша қазір Android v2.18.195 бета нұсқасында жұмыс істейді. Ол арқылы сіз қолданушы топтардан келген хабарламаларды бақылауда ұстай аласыз. Қызметті орнату тетігі арқылы өзіне керек топтардың ғана жібергенін галереясына сақтауға мүмкіндік бар.
Жаңа нұсқа смартфонның жады көлемін үнемдеуге көмектеседі және ол пайдаланушы жеке мазмұнды контент жіберіп, қабылдайтын болса пайдалы. Мысалы, біреуден жеке, көруге болмайтын сурет келіп, ол телефон жадында сақталып қалса, смартфонды қолына алған басқа адам сол суреттерге қол жеткізуі мүмкін.
WhatsApp-тың (2.18.189) бета бөлігі Facebook мессенджері секілді хабарламаға реакция ретінде жапсырмалар қалдыру мүмкіндігін алады. Пернетақтада жапсырмалар анимациялық GIF кескінін жіберу үшін қолданатын тетіктің жанында оналасқан. Әзірге бұл функциялардың қашан көпшілікке таралатыны жайлы ақпарат жоқ.
27 маусым 2018 ж. 1 076 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930