Қызылордада 105 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

«Облыста тұрғындардың вакцина қабылдауына барлық мүмкіндік жасалған. Өңірде осы мақсатта 106 егу пункті, 39 жылжымалы егу бригадасы ашылған. Дәрігерлерден жасақталған бригадалар облыс орталығындағы бірқатар сауда орталықтарында бар», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұрын екпе қабылдағандар қатарында мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының өкілдері басым болатын. Қазір жергілікті тұрғындар тарапынан екпе қабылдауға ниет білдірген адамдар қатары көбейіп келеді.