Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ет өндірушілер шығынға ұшырағанын мәлімдеді

Қазақстандық ет өндірушілер шығынға ұшырағанын мәлімдеді

Қазақстандық ет өндірушілер Қытай нарығына өнім жеткізе алмауына байланысты шығынға ұшырағандарын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл мәселенің неден туғанын "Қазақстанның ет одағы" бірлестігінің бас директоры айтып берді. Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша, проблема пандемиямен байланысты. Телеарна мәліметі бойынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының бас санитария дәрігері елден ет импорттауға тыйым салатын қаулы шығарған. Қазақстан тарапы ет комбинаттары қызметкерлерін вакциналау немесе міндетті сынама тапсыру талабын қабылдауға дайын екеніне қарамастан жағдай әлі өзгермеген.

"Қазір Қытайға экспорт жасау тоқтап тұр. Бірақ сұраныс бар. Тұрақты сатып алушылар үнемі "қашан?" деп сұрайды. Тіпті беделді қытайлық ірі компаниялар да мәселені шеше алмай отыр. Ол Қытаймен, Орталық үкіметпен ғана байланысты емес. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен де байланысты. Отандық өндірушінің көбі шығынға ұшырады.

Келісімшарт жасалды, кейбір келісімшарт бойынша алдын ала қаржы берілді. Өнім бар. Бірақ оны жөнелту мүмкін емес. Бұл ет комбинаттары жұмысының тоқтап қалуына әкеледі", - деді Мақсұт Бақтыбаев.

Бұған дейін Қазақстанда ет және ет өнімдерін тұтыну 2021 жылы бес пайыздан аса азайып кеткені хабарланған болатын. Ет өнімдерін ең аз тұтынған Шымкент қаласының тұрғындары болды.
28 маусым 2021 ж. 344 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031