Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев адам құқығы туралы жаңа заңға қол қойды

Тоқаев адам құқығы туралы жаңа заңға қол қойды

Президент Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шаралары туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді", – деп жазды мемлекет басшысы.
Заңда адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіліп, мынадай жұмыс бағыттарын көзделді:
- БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
- әйелдерге қатысты кемсітуді жою; бірлесу бостандығына құқық;
- пікір білдіру бостандығына құқық; адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.
10 маусым 2021 ж. 714 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031