Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу мерзімі қысқартылды

Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу мерзімі қысқартылды

Бұрын ол 3 күнге созылса, қазір 1 күнде жүзеге асырылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуі барысында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Жылжымайтын мүлік кепілін электронды тіркеу енгізілді. Енді банктер меншік иесімен кепіл шартын жасасқаннан кейін оны электрондық тіркеуге жібере алады, бұл азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуін тоқтатады. Кепілді тіркеу мерзімі үш жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды», – деді министр. Спикердің айтуынша жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеу дерекқорындағы мәліметтерді уақтылы жаңартуға мүмкіндік береді. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік қадастрын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы жүйені қолдану азаматтарға бір өтініштің негізінде жер учаскесін рәсімдеуге және оған құқықтық тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, қызметтерді көрсету мерзімдері мен тиісінше азаматтардың қаржылай шығындары қысқартылады», – деді Марат Бекетаев.


04 маусым 2021 ж. 777 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 112

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031