Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жылда Қазақстаннан 3500 медицина маманы көшіп кетті – депутат

Үш жылда Қазақстаннан 3500 медицина маманы көшіп кетті – депутат

Бүгінгі күні, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 262 мыңға жуық медицина қызметкері еңбек етеді. Мемлекет тарапынан оларды қолдау мақсатында біраз жұмыстардың жасалуына қарамастан медицина мамандарының өткір тапшылығы азаймай тұр, деді бүгін Сенат отырысында Сенат депутаты Нариман Төреғалиев, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттың сөзінше, қазір 4500-дей медицина кадры жетіспейді. Кадрлардың жетіспеушілігіне көші-қон мәселесі де кері әсерін тигізуде. Соңғы үш жылда 3500-дей медицина маманы басқа мемлекеттерге қоныс аударған екен.

– Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Педагог мәртебесі туралы" Заңды қабылдап, біз қысқа мерзім ішінде білім беру саласындағы күрделі жағдайды түбегейлі өзгерте бастадық. Заң қабылданғаннан кейінгі алғашқы жылы педагогикалық мамандықтарға түскен "Алтын белгі" иегерлерінің саны 1,7 есе өскенін айтудың өзі жеткілікті. Талапкерлер ағынының едәуір артуы педагог мамандықтары бойынша оқуға түсуге шекті балды 60-тан 70-ке дейін көтеруге мәжбүр етті, ал биыл оны 75-ке дейін жеткізу жоспарлануда. Болашақ педагогтардың стипендиясы 100%-ға, ал докторанттардың стипендиясы 75%-ға ұлғайтылды. Көріп отырғанымыздай, мемлекет қабылдаған кешенді шаралар талантты жастардың мәртебелі ұстаз мамандығын таңдауға оң әсерін тигізіп келеді, – деді ол.
Депутаттың айтуынша, егер біз медицина қызметкерлеріне қатысты осындай шараларды қабылдайтын болсақ, қысқа мерзімде медицина саласындағы жағдайды өзгертуге болады.

– Осы игі мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында медицинаның үздік өкілдеріне "Қазақстанның құрметті дәрігері" атағын беру әділетті болар еді. Біздің ойымызша, осы маңызды саланың дәрігерден бастап санитарға дейінгі қызметкерлерін, ұзақ мерзімді қолдау шараларын қабылдауға әбден уақыт келді. Үкімет медициналық қызметкерлерге әлеуметтік мәртебе мен кепілдіктерді заңнамалық түрде бекіту үшін, өзінің күн тәртібіне енгізе отырып бақылауға алады деп есептейміз, деді депутат.
Еліміздегі мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы төмен деңгейде қалуда.

Мысалы, өтемақысын қосқандағы жалақы мөлшері мынадай:

еңбек өтілі 25 жылдан жоғары іс қағаздарын жүргізуші – 64 мың;

төртінші разрядтағы көлік жүргізушісі – 60 мың;

бірінші разрядтағы еден жуушы – 54 мың теңге көлемінде айлық алады, ал қолға тиетіні одан да аз.

Айта кетсек, әлеуметтік сала бойынша 2021 жылға нақтыланған бюджет жобасы 374 млрд теңгеге артып, 7,5 трлн теңгені, яғни республикалық бюджет шығыстарының 48,7%-ын құрап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бойынша шығыстар көлемі 67 млрд теңгеге;

Денсаулық сақтау министрлігі бойынша 236 млрд теңгеге;

Білім және ғылым министрлігі бойынша 34 млрд теңгеге;

Мәдениет және спорт министрлігі бойынша 28,6 млрд теңгеге;

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бойынша 7,6 млрд теңгеге ұлғайып отыр.
20 мамыр 2021 ж. 479 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031