Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе мәселесі: ата-анаға таңдау құқығы берілді

Екпе мәселесі: ата-анаға таңдау құқығы берілді

Қызу талқыға түскен Халық денсаулығы жайлы кодекске Президенттің қол қоюы ғана қалды.
17 маусымда Мәжіліс депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасына Сенат енгізген толықтырулармен келісті деп хабарлайды QazPulse.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Сенат депутаттары Кодекс жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, төменгі Палатаға қайтарған еді.
Құжаттағы ең басты әрі өзекті мәселелердің бірі – екпе. Депутат Серік Бектұрғановтың айтуынша, сенаторлар балаларды вакцина алуға міндеттемей, ата-аналарға таңдау құқығын беру керек деп шешті. Егілмегендер балабақшаға қабылданады, бірақ ол үшін иммунитет деңгейі жоғары болуы керек.
«Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының орындылығына сыни тұрғыдан талдау жасауды тапсырды. Осыған орай Парламент Сенатының депутаттары заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Құқық бұзушылардың кейбір санаттары Қылмыстық кодекстен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне көшірілді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамалық мәнін өзгертпейді», – деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.
26 маусым 2020 ж. 774 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930