Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы қоңырау өткізудің талабы жарияланды

Соңғы қоңырау өткізудің талабы жарияланды

Іс-шараның ұзақтығы 45 минуттан аспауға, жиынға қатысушылар маска тағып, арақашықтықты сақтауға тиіс, қол алысуға тыйым салынады. Денсаулық сақтау министрлігі мектептерде соңғы қоңырау мен аттестаттарды тапсыру салтанаты қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мектептерде аталған іс-шаралар тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат беріледі. «9, 11 (12) сынып түлектері үшін мектеппен қоштасу салтанаты (соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру) тек ашық алаңда (таза ауада) өткізіледі. Бұдан басқа ешқандай іс-шара өткізілуіне рұқсат берілмейді. Салтанатты жиынға мектеп түлектерінен басқа олардың ата-аналары немесе қамқоршысы (олардың саны бір адамнан аспауы керек), мектеп оқытушылары құрамынан тек 6 адам ғана қатыса алады», - деп жазылған министрлік баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Карантиндегі адамдарға (коронавирус жұқтырғандар немесе науқаспен байланыста болғандар) бұл іс-шараға қатысуға тыйым салынады. «Мектеп аумағында адамдардың, қонақтардың (ата-аналар, жақын туыстар, қамқоршылар және тағы басқа) жиналуына жол берілмейді. Салтанатты жиын кезең-кезеңімен өткізіледі. Алдымен іс-шара мектеп аумағында тек бір сынып түлектері үшін ұйымдастырылады. Оның ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Әр сынып үшін өткізілетін салтанатты жиынның аралығы 30 минуттан кем болмауы шарт», - деп жазылған хабарламада. Салтанатты жиын кезінде қол алысуға тыйым салынады. Іс-шараға қатысушылар маска тағып, 2 метр арақашықтықты сақтауға тиіс. Іс-шараға қатысатын мұғалімдер, оқушылар жеке антисептиктерді пайдалануы керек. Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң көшеде, қоғамдық тамақтану орындарына баруға (мейрамхана, дәмхана және тағы басқа), бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.


19 мамыр 2021 ж. 685 0

Еңбегі елеулі ел ағасы

29 шілде 2025 ж. 126

Қарқынды инфрақұрылым

29 шілде 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031