Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 548 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Қызылордада 548 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Қызылордада биылғы оқу жылын 6059 бітіруші мектепті аяқтайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
Бітірушілердің 548-і «Алтын белгі», 363-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
Өздеріңізге белгілі, 11-сынып оқушыларының соңғы қоңырау шаралары аттестат алу рәсімімен біріктіріліп өткізіледі. Аттестат тапсыру барысында санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Атап айтқанда, шараға қатысушылар арасында әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталуы, оның алдын ала орындарының белгіленуі, маскалық режим және барынша қатысушылар санын шектеу көзделіп отыр. Ертеңгі шарада түлектердің тек ата-анасы немесе заңды өкілінің қатысуы талап етіледі, – дейді Ақзира Қасымова.
Шаралар мектеп бітіруші түлектердің санын ескере отырып белгіленген кесте бойынша өтеді. Онда сынып саны, бітіруші сыныптың саны ескеріледі. Салтанатты шара 45 минуттан аспауы тиіс. Түлектерге арналған шаралар барынша қарапайым түрде ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, түлектердің қоштасу вальсі, мерекелік отшашулар өткізілмейді.
Мектеп мұғалімдеріне сыйлық алуға, басқа да шараларға, безендіру, жөндеу жұмыстарына, мектепке естелік сыйлық алуға ата-аналар мен оқушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Аудандық, қалалық білім бөлімдері, полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің кортежбен серуендеуіне, кафе-мейрамханаларда тойлауына, кешкі уақытта жалдамалы үйлерде, табиғат аясына серуендеу, өзен-көлдерге суға шомылу тыйым салынады, – деді басқарма басшысы.
Осы мақсатта білім басқармасының арнайы бұйрығы қабылданып, онда білім бөлімінің, мектеп басшыларының қатаң талапты сақтау ескертілді.
02 маусым 2020 ж. 1 038 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031