Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Декреттік жәрдемақыны рәсімдеу: Еңбек министрлігі жаңа мәлімет таратты

Декреттік жәрдемақыны рәсімдеу: Еңбек министрлігі жаңа мәлімет таратты

Декретке шығуды жоспарлап отырған әйелдер енді халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып құжат өткізбесе де болады. Олар үшін жұмыс берушілер әлеуметтік төлемді рәсімдей алады. 

Қазақстандықтар жүкітілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде рәсімдей алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, енді жұмыс берушілер қажетті мәліметті электрондық еңбек биржасының порталы арқылы беруге тиіс.

Осылайша жүктілігіне байланысты демалысқа шығатын әйелдер халыққа қызмет көрсету орталығында құжат тапсырмайды деп жазды Sputnik.

"Осы жылдың мамырынан бастап электрондық еңбек биржасында Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады", - делінген ақпаратта.
Ол үшін жұмыс беруші жұмыскердің демалысқа шығу фактісін электрондық еңбек биржа порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет.

Деректер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі. Оған үш күн ішінде жауап беру қажет.
13 мамыр 2021 ж. 404 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 72

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 48

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 81

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 88

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031