Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бар жақсылық балаға

Бар жақсылық балаға

Әлемді жайлаған індет таразының екі басындай бір түсіп, бір көтеріліп тұр. Бұл қолайсыздық елдің ішкі және сыртқы экономикасына қиындық тудырып жатқаны белгілі. Осындай күрделі мәселеге қарамастан карантин уақытында да Қазалы ауданында түрлі бағыттағы қарқынды жұмыс тоқтаған емес. Мысалы, өткен жылы аудан бойынша 42 жоба жүзеге асып, тұрғындар игілігіне берілді. Мұндай қарекет биыл да өз жалғасын табуда.
Әйтеке би кентінде орналасқан №226 Б.К.Мергенбаев атындағы мектеп-гимназияның іргетасы қаланғанына жарты ғасырдан асты. Содан бері аталмыш ғимарат түрлі жүйенің көзін көріп, елдің игілігіне жарап келеді. Талай түлектердің томағасын сыпырып, өмірден өз орындарын табуына мұрындық болды.
Жасыратыны жоқ, гимназияның өзекті мәселесінің бірі – спорт залының жоқтығы.
Осы мәселе өткен жылы аудан басшысы Мұрат Ергешбаевтың тікелей ықпалымен шешім тауып, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысы қаржыландыруға ұсынылған. Биыл жоба мақұлданып, тиісті жұмыстары басталды.
Құрылыс мердігері болып «SCS Инжинеринг» ЖШС танылды.
Қазіргі уақытта нысанды жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, оқушылар игілігіне берілмек.

С.АҚМЫРЗА

27 сәуір 2021 ж. 954 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031