Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада киберспорттан Қазақстан кубогы өтеді

Елордада киберспорттан Қазақстан кубогы өтеді

Ақтық сынға 14 спортшыдан құрылған 2 команда қатысады, деп хабарлайды 24.kz.
Олар 3 бағыт бойынша өзара сайысқа түседі. Биыл мұндай бәйге алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін карантин режиміне сәйкес осындай шараны өткізу мүмкін болмады. Ал қазір барлық қатысушы ПТР-тест тапсырды.
Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастырылмақ. Аренаға көрермендер жіберілмейді. Алайда қалағандар бұл доданы онлайн форматта тамашалай алады. Евгений Богатырёв, Qazaq Cybersport Federation вице-президенті: – Спорттың бұл түрі біздің елде үлкен қызығушылыққа ие.
Отандық спортшылар 4-5 дисциплина бойынша әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жатыр. Былтыр жазғы турнирге 10 мың адам қатысқан. Кейін барлық жарысты тек онлайн форматта өткізуге тура келді. Енді біз жауапты органдардың рұқсатын алып, осындай шара өткізбекшіміз. Турнирдің сыйақы қоры 1 жарым миллион теңгені құрайды.
25 сәуір 2021 ж. 1 115 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031