Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Намаз оқымайтындардың оразасы қабыл бола ма?

Намаз оқымайтындардың оразасы қабыл бола ма?

Құлшылықты қабыл алып-алмау ісі Жаратқанның құзіретіндегі дүние. Оған біздің араласуға қақымыз жоқ. Әлеуметтік желіде "Намазсыз ораза қаза болады" деген рас па? деген сұрақ төңірегінде біраз пікірталас болды. Бұл сұраққа белгілі исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлы маман ретінде жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Желіде мындай діни сұрақ қойылып, астында пікір талас орын алған екен. Маман ретінде жауап беруді жөн көрдім. Дінімізде иман мен амал екі бөлек қарастырылады. Құлшылық әр мұсылманға парыз. Бірақ құлшылығы кем адам орындамаған парызы үшін сұралса да, мұсылмандықтан, діннен шықпайды. Ешкімнің оған “кәпірсің, мұнафиқсың”,- деп айтуға қақысы жоқ. “Намаз оқымаған адамның оразасы қабыл болмайды”-, деп айту да қате, тіпті үлкен күнә. Алланың атынан дәлелсіз сөйлеуге болмайды. Құлшылықты қабыл алып-алмау ісі Жаратқанның құзіретіндегі дүние. Оған біздің араласуға қақымыз жоқ. 
Екіншіден, талай адам алғашқыда намаз оқымаса да, оразасын ұстап, неше жылдан  кейін болса да мұсылмандықтың қалған парыздарын түгендеп жатады. Шама-шарқына қарай Құдайға жақындайын деп тұрған адамды шошытып, діннен бездіруге ешкімнің қақысы жоқ. “Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте” деген қазақ мақалы жоғарыдағы сауалдың пәтуасы болмақ», деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы. 
18 сәуір 2021 ж. 1 633 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930