Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша қанша пәтер сатылымға шығарылды

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша қанша пәтер сатылымға шығарылды

Биыл «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 800 мың пәтер беріледі. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды  egemen.kz
  «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім беріп, талаптарына сәйкес келмей қалған отбасыларға «Шаңырақ» бағдарламасын ұсынамыз. Онда да алғашқы жарна – 10 пайыз, ал жылдық мөлшерлеме – 5 пайыз. Бастапқы нарықтағы үй ғана сатып алынуы керек. Ондай баспананы жеке құрылыс компаниялары да салуы мүмкін, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» кепілдендірген үй болуы да мүмкін. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған үйлерді әкімдіктермен бірге осы бағдарлама арқылы беруді жоспарлап отырмыз. Қазір осы үйлерге сұраныс көп. Мамыр айының ішінде 8000-ға жуық пәтер Baspana.kz сайтында қатысады. Мұнда да «Шаңырақ» бағдарламасына қатысушылар есепке тұрған жылына қарай баспаналы болады», деді банк басшысы.
Банк басшысының айтуынша, бертінге дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында 9800-ден астам отбасы қоныс тойын тойлаған. Биыл олардың саны тағы 5 мыңға көбейеді.
«Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспанамен қамтылған отбасылардың санын екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Жыл соңында жеңілдетілген бағдарламалар аясында 10 пайыздық алғашы жарна төлеу арқылы баспаналы болған отбасылардың санын 20 мыңға жеткіземіз деп ойлаймыз», деді банк төрайымы.

14 сәуір 2021 ж. 2 380 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930