Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлерге несие төлемдерін шегеру мүмкіндігі берілді

Кәсіпкерлерге несие төлемдерін шегеру мүмкіндігі берілді

Төлемді уақытша тоқтату 1 сәуірге дейін рәсімделген несиелерге ғана жүреді. Қалыптасқан жағдайға байланысты бизнес өкілдеріне кезекті рет осындай мүмкіндік беріліп отыр.

Короновирусқа қатысты жағдай кәсіпкерлерді тағы да тығырыққа тіреді. Қазір карантиндік шектеулердің кесірінен көптеген бизнес өкілі өз ісін тұралатып, қыруар шығынға батып жатыр. Осыған байланысты оларға несие төлемдерін шегеру мүмкіндігі берілді. Бұл мүмкіндікті шағын бизнес субектілері мен жеке кәсіпкерлер қолдана алады. Шегерім мерзімі – 3 ай. Бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. Бір ескерері – төлемді уақытша тоқтату 1 сәуірге дейін рәсімделген несиелерге ғана жүреді. Ол үшін кәсіпкер 30 маусымға дейін екінші деңгейлі банкке не микроқаржылық ұйымға өтішін беруі тиіс. «Жеңілдік, әсіресе, қатты зардап шеккен салаларға жасалады», делінген хабарламада. Бұл санатқа бизнестің 346 түрі кіреді. Айта кетейік, төлемдерді кейінге шегеру қарыз алушының несие тарихына еш әсер етпейді.

12 сәуір 2021 ж. 2 161 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031