Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікті қолдау – көркеюді қолдау

Кәсіпкерлікті қолдау – көркеюді қолдау

Мемлекет қашанда кәсіпкерлерге қолдау танытуда. Оның айғағы – бірнеше бағдарламаның қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаруы. Қазалы ауданында да кәсіпкерлік саласының дамуына тікелей ықпал етіп отырған «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Аталған бағдарлама аясында шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылып келеді. Биыл еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде бұл бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, несиенің кәсіпкер төлейтін бөлігі 6 процентке төмендетілді. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арқылы қолдау тапқан жобаларға беріліп, несиенің проценттік айырмасын мемлекет өтейді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Қазіргідей жағдайда жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтау – басты басымдық. Сондықтан осы кезеңде көбірек зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбекақы қорына түсетін ауыртпалықты жеңілдету маңызды болып отыр. Бизнестің осы санаты бойынша еңбекақыдан бюджеттік емес қорларға аударылатын төлемдерді жыл соңына дейін тоқтатуды тапсырамын», – деді. Бұл қуантарлық жағдай.
Аудан бойынша кәсіпкерлік саласының жай-күйін білмекке Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақовпен тілдескенімізде:
– Бүгінгі күнге «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 342,4 млн теңгені құрайтын 13 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялау үшін мақұлданып, кепілдік беру компоненті бойынша 11 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 124,4 млн теңге кепілдік берілген. Осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «РЗА» АҚ-ның «Ірі қара мал өсіру кешенін 1200 басқа және сүт өңдеу зауытын кеңейту, ІІ кезең» жобасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін облыстық экономика басқармасына және Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінімі тапсырылды. Осының нәтижесінде 2020 жылға «Электрмен жабдықтау» жобасына республикалық бюджеттен 158,4 млн теңге, «Сумен жабдықтау» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 70,7 млн теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында қаржыландырылуға ұсынылған екінші жоба – «Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету» жобасына 148,9 млн теңге бөлінді. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Бұл бағдарламамен қатар қазіргі таңда іске асырылып жатқан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша құны 328,3 млн теңге болатын 7 жоба қаржыландырылды, – деді.
Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, прокуратура, полиция бөлімі және Әйтеке би кенті әкімдігі аудан орталығындағы қоғамдық тамақтану орындарына, кафе, мейрамханаларға және сауда базарларына рейд жұмыстарын жүргендігін тілге тиек етті. Рейд барысында кәсіпкерлерге нысандардың қызметін шектеу, келушілер санын белгіленген адамнан асырмау жөнінде, санитарлық, дезинфекциялық шараларды күшейту және төтенше жағдай режимі сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтары жөнінде түсініктемелер берілген.
Осы жағдайға орай кәсіпкерлерді қолдау мақсатында аудан кәсіпкерлерінің несиелері бойынша мерзімін ұзарту, төлемдерді уақытша тоқтату шараларына аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен 27 кәсіпкерлік нысан басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, жалға алушы кәсіпкерлерді арендалық төлемдерден босату мәселесі пысықталды. Нәтижесінде 20 сауда базары, сауда үйлері мен орталықтарының басшыларымен арендалық төлемдерді 25 процентке төмендетуге келісім жасалса, қызметтері тоқтаған сауда орындарының жалға алушылары үшін арендалық төлемдер уақытша тоқтатылды.
– Бұған дейін хабардар болғандарыңыздай 2020 жылдың 25 маусымында Әйтеке би кентіндегі сауда орындарының өрті бойынша ҚР ҚК-нің 292-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Орын алған оқиғаға байланысты аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы тобы құрылды. Зардап шеккен кәсіпкерлердің талап-тілектерін тыңдау мақсатында Әйтеке би кенттік клубында, аудан әкімдігінде кездесу өткізілді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлермен шілде айында 3 рет, тамыз айында 2 рет кездесу ұйымдастырылып, негізгі мәселелер мен көмек беру жолдары талқыланды. Аудан әкімдігі тарапынан өрттен зардап шеккен 174 кәсіпкердің тізімі жасақталды. Тізімге алынған кәсіпкерлердің полиция бөліміне жазған арыздарына сәйкес келтірілген шығын көлемі – 593,0 млн теңгені, түрлі қаржы ұйымдарына қарыздары 301,4 млн теңгені құрап отыр. Зардап шеккендердің ішінде 59 адамға Әйтеке би кенті әкімдігі тарапынан уақытша бөлінген орындардан сауда жасауға жер берілді. Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында аудан кәсіпкерлері мен мекемелерінің қатысуымен 2020 жылдың 30 маусымында жиын өткізілді. «Қазалы-Игілік» корпоративтік қорына және аудан жастарының «Kaspi Gold» шотына қаржы жинау жұмыстары жүргізіліп, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, аудан кәсіпкерлері мүмкіндіктеріне қарай қорға 3,2 млн теңге қаржы жинақтады. Бүгінгі күнге 139 кәсіпкерге 17 000 теңгеден 2,36 млн теңге қаражат берілді.
Кәсіпкерлердің несиелеріне жеңілдік беріп, төлем мерзімдерін ұзартуға байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының тарапынан 2020 жылдың 3 шілдесінде аудан әкімі орынбасарының, қаржы ұйымдары өкілдерінің, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен мәжіліс өткізілді. Нәтижесінде, қаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтініштеріне сәйкес төлем мерзімдерін қайта қарауға келісті, – деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар, шілде-тамыз айларында жарияланған 1,5 айлық карантин уақытында 132 кәсіпкерге 63 750 теңге көлемінде төлемақы тағайындалған. Зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында аудан әкімдігі «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы 50,0 млн теңге қаражат бөлдіруге келісімі алынып, несие алуға ниетті 47 кәсіпкердің тізімі жасақталып, кәсіпкерлік палатасы арқылы несие тарихы, кепіл мүлкі зерделенді. Нәтижесінде 3 қыркүйекте болған Бақылау кеңесінде 30 кәсіпкердің құны 57,0 млн теңге жобалары мақұлданды. Тізімге алынған 3 кәсіпкер АШҚҚ арқылы 9,3 млн теңге несие рәсімдеуде.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
09 қыркүйек 2020 ж. 1 662 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930