Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтуде

COVID-19: Әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтуде

Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінде COVID-19 таралуы жағдайында медицина персоналдарын арнайы тактикалық даярлау сабағы өтті, деп хабарлайды egemen.kz

Әскери дәрігерлер іс-қимыл тәртібін қарап, қауіпті инфекцияның белгілері немесе диагнозы қойылған кезде қызметкерлерге хабарлау сызбасын пысықтады.
Жаппай келіп түсіп жатқан науқастарды алғашқы бөлу және орналастыру ережелері, тексеру әдістері ерекше назарға алынды. Бұл мәселелер басшылық, дәрігерлер, медицина персоналдарының практикалық сабағының бір бөлігі ретінде жан-жақты талданды.
Сабақ барысында инфекцияның таралу қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, жұқтыру аймағында болу және ол жерден шыққандағы мәселелер егжей-тегжейлі пысықталды.
Оқу-жаттығуға қатысушылар шұғыл жағдайда жинақы және жедел жұмыс істеу, санитарлық-эпидемиялық нормаларды қамтамасыз ету мен науқастарға сапалы медициналық көмек беруге қажетті кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.



07 сәуір 2021 ж. 2 084 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 109

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 111

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031