Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ҰБТ сәуір айында өтеді: 2021 жылғы ҰБТ туралы барлық ақпарат

Қазақстанда ҰБТ сәуір айында өтеді: 2021 жылғы ҰБТ туралы барлық ақпарат

Қазақстанда грантқа түсу үшін компьютерлік ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Талапкерлерге мұндай тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды stan.kz

 Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді.
Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының https://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады. Тіркеу онлайн режимде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосуреттер талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.
Егер бұрын талапкерлерге ҰБТ-да кітапшаның қағаз нұсқасы мен жауап парағы берілетін болса, енді үміткерлер тестілеуді компьютер арқылы тапсыратын болады. Электрондық тестілеу форматы ашықтықты қамтамасыз етіп, ыңғайлы әрі тиімді болып табылады.
Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады
Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады. Тестілеуге бір күнде 2 рет қатысуға тыйым салынады.
Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады. Бұл мүмкіндік үміткерлердің грант ұтып алу мүмкіндігін айтарлықтай арттыра түспек.

05 сәуір 2021 ж. 2 269 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031