Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқартылған күріш алқаптарының орнына не егіледі

Қысқартылған күріш алқаптарының орнына не егіледі

Күріш пен мақта өсіруге машықтанған аудандардың халқын бірнеше буыннан бері жалғасып келе жатқан кәсіптен айырмас бұрын балама табыс көзі ұсыныла ма? Бұл сауалға Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы елімізде суды көп шығындайтын дақылдардың көлемін азайту саясаты 2005 жылдан бері қолға алынған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылғаннан бері бұл жұмыс бір жүйеге түсіп, ашық жүргізіле бастады. Осыған байланысты елі ішінде «Күріш пен мақта алқаптары қысқартылатын аудандардың халқына балама табыс көзін неге ұсынбайды» деген сауалдар жиі айтылып жүр. Ел көкейіндегі осы сауал Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданған еді.
«Күріш пен мақта егілетін алқаптар Іле және Сырдария сияқты трасншекаралық өзендердің бассейнінде орналасқан. Әрине, қысқа уақыт ішінде бұл мәселені шешу мүмкін емес. Ауыспалы егісті аз ылғал сүйгіш дақылдарға енгізу арқылы жерді кезең-кезеңімен көшіру қажет. Сырдария өңірінде мұндай жұмыстар жүргізілуде. Мақта мен күріштің орнын бақша, көпжылдық шөптер, дәндік жүгері басады», – дейді вице-министрі Серік Қожаниязов.
Министрлік күріш егіліп отырған 104 мың гектардың 29 мың гектарын қысқарту 10 жыл бойында біртіндеп іске асырылатынын еске салды.
«Фермерлердің қауіпсіздігін, егер оларға биылдан бастап күріш егуді тоқтату міндеттелсе, түсінуге болады. Біз суармалы жерлерде мақта, күріш, бидай егістерін біртіндеп, кезең-кезеңмен қысқарту туралы міндет қойып отырмыз және бұл дұрыс. Сондықтан мемлекеттік қолдаумен ауыл шаруашылығы өндірісін суды аз қажет ететін дақылдарды өсіруге біртіндеп қайта бағдарлау күріш өсірушілерге шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде күріш егу алқаптарын кезең-кезеңмен азайту – заман шындығынан туындаған объективті қажеттілік», – дейді ведомство өкілі.
05 сәуір 2021 ж. 2 286 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031