Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

Қазақстанда 2 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 2-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

2 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
14.30 – ОКҚ-да "Тауарларға ілеспе құжатты енгізу" тақырыбында брифинг. Спикер: Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев. Тікелей эфир сілтемелері: www.youtube.com/user/ortcomkz, facebook.com/ortcomkz.
НҰР-СҰЛТАН
19.00 – "Жібек" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).
19.00 – "Волшебная флейта" спектаклі. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).
АЛМАТЫ
20.00 – "Чудо" спектаклі (BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

3 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
17.00 - Ресей ғылым және мәдениет орталығында (Кенесары көшесі, 39) Қазақстанға Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естеліктерді сақтау бойынша іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында келетін Ресей Федерациясының Ямало-Ненецк автономиялық округінің делегациясымен кездесу өтеді. Ямало-Ненецк автономиялық округінің іздеушілері Қызыл әскердің екі сарбазы бейнеленген соғыс уақытындағы фотосуреттін тапқан. Онда "Жауынгер достар – ненец Иван Яптик және қазақ Мұхтар Кайшатаев Қазақстаннан келген хатты оқып жатыр" деп жазылған. Екі сарбаздың да 1945 жылы қаза болғаны анықталды, бұған дейін Иван Яптик майдандасына соғыстан кейін Қазақстанға келемін деп уәде берген. Қазіргі кезде аталарының уәдесін орындау мақсатында Қазақстанда кездесуге дайын қарулас достардың немерелері табылды.

5 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11.00 – ІІМ онлайн брифингі: "2021 жылдың бірінші тоқсанындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы". Спикер: ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Нұрғалиев Берікхан Ағубайұлы.
30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электрондық мекенжайға: s.kopeev@dsm.gov.kz жіберуге болады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



01 сәуір 2021 ж. 2 188 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031